Дербес деректер — осы веб-сайттың белгілі бір немесе олардың негізінде айқындалатын пайдаланушысына қатысты, электрондық тасығышта тіркелген мәліметтер.
Веб-сайт — https://whitedent.kz желілік мекенжайы бойынша Интернетте олардың қолжетімділігін қамтамасыз ететін графикалық және ақпараттық материалдардың, сондай-ақ ДК бағдарламалары мен деректер базаларының жиынтығы.
Дербес деректерді бұғаттау — дербес деректердi жинауды, жинақтауды, өзгертуді, толықтыруды, пайдалануды, таратуды, иесiздендiруді және жоюды уақытша тоқтату жөніндегі іс-әрекеттер.
Дербес деректерді жинақтау — дербес деректерді қамтитын базаға дербес деректерді енгізу арқылы оларды жүйелендіру жөніндегі іс-әрекеттер.
Дербес деректерді жинау — дербес деректерді алуға бағытталған іс-әрекеттер.
Дербес деректерді жою — жасалуы нәтижесінде дербес деректердi қалпына келтiру мүмкін болмайтын iс-әрекеттер.
Дербес деректерді иесіздендіру — жасалуы нәтижесiнде дербес деректердiң Пайдаланушыға тиесiлiгiн анықтау мүмкін болмайтын iс-әрекеттер.
Дербес деректерді қамтитын База — ретке келтірілген дербес деректердің жиынтығы.
Дербес деректерді қорғау — осы шартта белгіленген мақсаттарда жүзеге асырылатын шаралар, оның ішінде құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шаралар кешені.
Дербес деректерді өңдеу — дербес деректерді жинақтауға, сақтауға, өзгертуге, толықтыруға, пайдалануға, таратуға, иесiздендiруге, бұғаттауға және жоюға бағытталған iс-әрекеттер.
Дербес деректерді пайдалану — White Dent қызмет мақсаттарын іске асыруға бағытталған дербес деректермен жасалатын iс-әрекеттер.
Дербес деректерді сақтау — дербес деректердің тұтастығын, құпиялылығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-әрекеттер.
Дербес деректерді тарату — жасалуы нәтижесінде дербес деректер берілетін, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы берілетін немесе қандай да бiр өзгеше тәсiлмен дербес деректерге қол жеткізу ұсынылатын іс-әрекеттер.