«White Dent» ЖШС
Күшіне енген күні: 20.10.2023 ж.

"White Dent" ЖШС компаниясы White Dent стоматологиялық клиникаларының пациенттеріне көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат алуға, сондай-ақ дәрігер мен пациент арасындағы жайлы өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін веб-сайтқа кіруді ұсынады.

Осы дербес деректерді өңдеу шарттары 20.10.2023 жағдай бойынша «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» 21.05.2013 жылғы Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес жасалды және White Dent қабылдайтын дербес деректерді өңдеу тәртібін және дербес деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды айқындайды.